АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Астана қаласының оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылы 24 қаңтарда
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР📘: жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында заманауи оқыту әдістері» тақырыбында республикалық онлайн семинар (бұдан әрі-семинар) өткізеді.
🔹Өткізу форматы: онлайн режимде
🔹Семинардың өткізілу тілі: қазақша, орысша.
📌Семинардың мақсаты: білім сапасын арттыру мен сыни тұрғыдан ойлануда жобалық әрекетті және оқытуда жеке тәсілдерді дамытуға ықпал ететін заманауи білім беру технологияларын зерделеу және қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету.
📌Қатысу тәртібі: Семинарға қатысуға университеттер мен колледждердің профессорлық-оқытушылар құрамы, ғалымдар мен оқытушылар, қалалық (аудандық) білім беру ұйымдарының әдіскерлері, пилоттық және жалпы білім беретін мектептердің эксперименталды мұғалімдері шақырылады.
Семинар материалдары ISBN, BBK тағайындау арқылы PDF форматында электронды жинақ түрінде жарияланады.
✅Семинарға қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Семинарға қатысу үшін төмендегі құжаттарды astanaumc@mail.ru электрондық мекенжайына тіркелген файлдар түрінде тапсыру қажет:
1.Тегі, аты, әкесінің аты (толық)
2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы/санаты
3.Лауазымы (толық,қысқартусыз)
4.Өкілдік ұйым, қала, облыс (қысқартусыз)
5.Сөйлеу тақырыбы
6.Жұмыс бағыты
7.Мен онлайн режимде сөз сөйлеймін
(иә/жоқ)
8.Байланыс телефондары
9.E-mail
📧 почта- astanaumc@mail.ru
📲 8-707-199-59-78